Басты

Орталық Азия елдерінің журналистері Ташкентте басқосты

Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Қоғамдық дипломатия орталығы, Өзбекстан Журналистер одағы, Өзбекстан Ұлттық БАҚ қауымдастығымен бірлесіп «Орталық Азия дауысы» : ұлттық кеңістіктен аймақтық кеңістікке» тақырыбында Орталық Азия елдері журналистерінің кездесуі өтті.

Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің БАҚ өкілдері қатысқан шарада қонақтар Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясының тарих мұражайының жәдігерлерін тамашалады, деп жазады ӨзА.

УзМТРК медиа орталығында телеарналар, соның ішінде «Өзбекстан тарихы» телеарнасы үшін түрлі бағдарламалар мен шоулар түсіруге арналған студиялардағы журналистер мен техникалық қызметкерлерге жасалған жағдаймен танысты.

Сондай-ақ, қонақтар «Tashkent city mall», оның аумағында ұйымдастырылған «Жәдидтер. Түркістанға хаттар» мультимедиялық көрмесі және Ташкент қаласының көрікті жерлерімен танысты.

 

TuraNews

Back to top button