БастыСаясат

Орталық Азия елдері мен Қытайдың сыртқы істер министрлері кездеседі

26-27 сәуірде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация Қытайдың Сиань қаласында өтетін «Орталық Азия –Қытай» диалог форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 4-ші кеңесіне қатысады, деп хабарлайды Turanews.kz тілшісі.

«Орталық Азия елдері мен Қытайдың сыртқы саяси ведомстволары басшыларының алдағы отырысының негізгі мәселелерінің бірі — 2023 жылғы мамырда Сиань қаласында жоспарланған «Орталық Азия – Қытай» алғашқы саммитіне дайындық. Бұдан басқа, кездесуге қатысатындар алтыжақты ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы перспективаларын, яғни көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өзара байланысты нығайтуды, Орталық Азия елдерінен Қытайға ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ұлғайтуды, электрондық коммерцияны дамытуды, сондай-ақ осы форматқа қатысушы елдердің құзыретті органдары арасында өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін құруды талқылайды», — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Смадияровдың айтуынша, басқосу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тараптар ұлттық ұстанымдар бойынша пікір алмаспақ.

TuraNews

Back to top button