БастыЭкономика

Орта дәліз: Өзбекстан Болгария арқылы ЕО-ға жүк тасымалдауды ұлғайтуды жоспарлап отыр

Өзбекстан Транскаспий халықаралық көлік маршруты (Орта дәліз) бойынша Болгария арқылы ЕО елдеріне жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Өзбекстан көлік министрлігінде өткен халықаралық автомобиль тасымалы бойынша өзбек-болгар бірлескен комиссиясының отырысы барысында белгілі болды, деп жазады Trend агенттігі.

Кездесуде тараптар автомобиль көлігімен халықаралық жүк тасымалдауды дамыту, ұлттық тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024 жылға арналған қосымша рұқсат бланкілерімен алмасты. Сондай-ақ олар 2025 жылға, яғни 15 есеге ұлғайған рұқсат бланкілерін алмасуға келісті.

 

TuraNews

Back to top button