Қоғам

Оралда кафедегі жарылыстан екі адам қаза тапты

Оралда кафедегі жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қираған ғимарат астынан 6 адам табылып, бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Қазіргі уақытта ТЖД күштерімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылды, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізілді, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Адамдардың жеке басы анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде ғимараттың құлауы орын алып, кейін жанған болатын.

 

TuraNews

Back to top button