Денсаулық

Оралда бүтін бір отбасы газдан уланып, ауруханаға түсті

Орал қаласында бір үйдің 5 баласы мен анасы табиғи газдан уланды, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтемелеп.

Қазіргі уақытта зардап шеккендердің барлығы дәрігерлердің жіті бақылауына алынды.

5 бала «Зачаган» кентінде орналасқан облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Ал, балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандардың айтуынша, әйелдің жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Ведомство өкілдері зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

TuraNews

Back to top button