Yonhap агенттігінің хабарлауынша, прокурорлар президент Юн Сок Ёл өткен аптада қысқаша әскери жағдай жариялағаннан кейін бұрынғы Қорғаныс министрі Ким Ён Хенді мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу барысында қамауға алды.
Арнайы тергеу штабы Кимді тұтқындап, ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады.
Ким президент Юн Сок Ёлға әскери жағдай енгізуді ұсынды. Әскери жағдайды сейсенбі күні кешке жариялаған еді.
Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады.
Сәрсенбі күні Қорғаныс министрі Ким Ён Хен кешірім сұрап, отставкаға кетуді ұсынды.