Экономика

Оңтүстік Кореяға азық-түлік жеткізу бойынша келіссөз жүргізілуде

Оңтүстік Кореямен азық-түлік жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп жазады Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз үшін басты нәтиже – жалпы ел бойынша кәсіпорындардың экспорттық әзірлігі көрсеткіштерін жақсарту. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы Акселератор бағдарламасы аясында қолдаудың арқасында 38 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Бұл – шамамен 260 млн АҚШ доллары. Яғни, 38 сәтті кейс жасалды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, биыл Өзбекстанға 19 млн долларға өнім жеткізуге 2 келісімшартқа қол қойылды.

«Ресейге тұрмыстық химияны жеткізуге 1 ұзақ мерзімді келісімшарт жасалды, Сомасы жылына 600 млн теңгені, немесе 1,3 млн долларды құрайды. Қытай нарығына 5 млн долларға мыс өнімдерін жеткізуге арналған 2 келісімшарт жасалды. Оңтүстік Кореямен азық-түлік жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде», – деді вице-министр.

 

TuraNews

Back to top button