ӘлемСаясат

Оңтүстік Корея оппозициясы президентті мемлекетке опасыздық жасады деп айыптамақ

Корея Республикасының Конституциясына сәйкес импичмент туралы шешім қабылдау үшін депутаттардың үштен екісінің дауысы қажет.

Оңтүстік Кореяның жетекші оппозициялық Демократиялық партиясы «Тобуро» президент Юн Сок Ёльдің соғыс жағдайын жариялау туралы шешімінен кейін оның отставкаға кетуін талап етті. Шешім  бірнеше сағаттан кейін жойылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Тобуро» Юн Сок Ёльді импичмент процедурасымен қорқытады. Бұл партия 300 орындық парламентте 170 орынға ие.

Корея Республикасының Конституциясына сәйкес импичмент туралы шешім қабылдау үшін депутаттардың үштен екісінің дауысы қажет. Билік партиясы парламенттегі орындардың үштен бірінен астамын бақылайды.

Бұған дейін Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халқына жолдау жасап, елде әскери төтенше жағдай жариялаған еді.

Осыған орай Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль халыққа үндеу жасап, елде бұған дейін орнаған әскери жағдай режимін тоқтататынын мәлім етті.

TuraNews

Back to top button