БастыМәдениет

«Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылды

Алматыда Бердібек Соқпақбаевтың түрік тіліне аударылған «Өлгендер қайтып келмейді» романының тұсаукесері өтті.

Кеше, жазушының 100 жылдығы аясында өзінің кіндік қаны тамған қасиетті Нарынқол топырағында Алматы облысының әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымы бірлесе ұйымдастырған пленэр және «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың тұсаукесері рәсіміне Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы, «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Бақытжан Омар, шығарманы түрік тіліне аударған Хусейн Варол, танымал күйші Секен Тұрысбеков, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, ақын, Түркі елдерінің жазушылар одағының төрағасы Есдаулет Ұлықбек және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында сөз алған қонақтар екі бауырлас ел арасындағы мәдени байланысты дамытудың маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдері мен өңір суретшілерінің туындыларынан пленэр ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлеріне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов алғыс хат табыстады.

Шара соңы Секен Тұрысбектің жетекшілігімен «Ақжауын» камералық оркестрінің концертіне ұласты.

 

TuraNews

Back to top button