Әлемнің 7-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович Astana Open ATP 500 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үлкен дулыға» жарысының 21 дүркін жеңімпазы Н.Джокович финалда әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті.
Bu gönderiyi Instagram’da gör
Сербиялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтып, өзінің үздік теннисші екендігін тағы бір дәлелдеді.
Осылайша, биыл елордада алғаш рет ATP 500 деңгейінде өткен айтулы дода мәреге жетті.
ATP 500 жарысы бас қаламызда 1-9 қазан аралығында өтті.