БастыСаясат

Нидерланд Өзбекстанды ауған босқындарын қабылдауға көндіруге ниетті

Нидерланды үкіметі елде қабылданбаған ауған босқындарын Өзбекстанға жібергісі келеді.

«NL Times» Басылымның жазуынша, Германия жақында Өзбекстанды ауған босқындарын қабылдауға көндірген. Енді Нидерланды да солай жасауға тырысып отыр. 

— Қазір үкімет Өзбекстанмен қандай келісімдерге қол жеткізуге болатынын зерттеп жатыр, — деді елдің төменгі палатасында босқындар істері бойынша министр Марджолейн Фабер.

Министр қосымша мәліметтер жарияламаған. Оның айтуынша, бұл туралы сеніммен айтуға әлі ерте және зерттеулер жүргізііп жатыр, сол үшін де толықтай процесті жария ете алмайды.

Басылымның жазуынша, шетелде, әсіресе қылмысқа қатысы бар деп танылған босқындар өз елдерінде жиі қабылданбайды. Нидерланды және басқа да еуропалық елдер оларды өз елдеріне қайтарудың жолдарын жылдар бойы іздеп келеді. Бұл мемлекеттер өз елі кіргізбейтін ауғандарды қабылдауға дайын емес, өйткені олардың Ауғанстанмен ресми байланысы жоқ, себебі билікке Талибан қожайын болып отыр.

— Осы себепті Германия ауған босқындарын Өзбекстан арқылы қайтаруды жоспарлап отыр. Екі ел өткен айда өзбекстандық еңбек мигранттарын және дамуға көмек сияқты басқа да жеңілдіктерді алуға келісті, — делінген хабарламада.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button