Шығыс Қазақстан аумағында алдағы референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Өңірлік штаб өкілдері тұрғындармен аулаларда кездесулер өткізіп, пәтерлерді аралап, сондай-ақ сауда-ойын-сауық орталықтарының алаңдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Облыстық мәслихаттың төрағасы Денис Рыпаковтың айтуынша, күнделікті тіршілікте адамдар мұндай маңызды қоғамдық-саяси шараларды кейде назардан тыс қалдыруы мүмкін, сондықтан дер кезінде еске салып отыру аса маңызды.
Күнделікті қарбалас тіршілікте бұл мәселенің әрқайсымызға қатысты екенін еске салу қажет. Еліміздің болашағы үшін өз таңдауыңды жасап, дауыс беруге келу маңызды, — деп атап өтті ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат – алдағы дауыс берудің маңызын әрбір тұрғынға жеткізу және әр азаматтың ел болашағына жеке үлес қоса алатынын түсіндіру.



