
Сенбілік наурыз және қасиетті Рамазан айын лайықты мерекелеу мақсатында өтізілді. Оған сай, елдің барлық өңірлеріндегі махаллаларды, тұрғын үй алаптарын, балалар алаңдарын абаттандыру жұмысы ұйымдастырылды. Республика бойынша 9 мың махалланың аумағында 16 миллионнан астам жеміс ағашы мен сәндік өсімдіктер отырғызылды.
Бұған қоса, «Яшил Макон» (Жасыл аймақ) Ұлттық экологиялық жобасы аясында көгалдандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және халықтың санитарлық-гигиеналық мәдениетін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Наурыз мерекесін жалпыхалықтық мейрам мәртебесінде атап өтуді тапсырған болатын. Биылғы мерекені өзбекстандықтар «Сенімен, Наурыз, әлем нұрланады!» ұранымен тойламақ.