ҚоғамМәдениет

Нан күні: ШҚО-да көрме-жәрмеңкелер өтіп жатыр

Елімізде 16 қазан – Нан күні. Осы орайда облыста диқандардың, ұн тартушылар мен наубайшылардың еңбегін елеу мақсатында атаулы күнді өткізу бойынша іс-шара жоспары жасалды.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2024 жылдың 7 айында (қаңтар-шілде) облыстан жалпы құны 190,5 миллион долларды құрайтын 429,8 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған, оның ішінде бидай – 146,6 мың тонна, құны ­– 31,3 млн доллар. Облысқа 214,9 млн доллар болатын 2121,7 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері импортталды, оның ішінде 103,3 мың тонна бидай (104,4 млн доллар), 2,5 мың тонна нан, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (5,8 млн доллар) бар.

 

Облыста нан-тоқаш өнімдерін шығаратын 81 орта және шағын кәсіпорын бар, олардың жылдық қуаты – 22,5 мың тонна.

 

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2024 жылғы 8 айда облыс бойынша 11,7 мың тонна нан, 0,75 мың тонна кондитерлік өнімдер, 0,25 мың тонна тәтті тоқаш өндірілді.

 

Өскемендегі «Каравай» ЖШС, «Эко Агро» ЖШС, «Нива Востока» ЖШС, Глубокое ауданындағы «Шақан Ата» ЖШС наубайханаларында нан-тоқаш өнімдерінің жүзден аса түрі шығады.

 

Мысалы, «Береке Нан» ЖК облыс аумағын денсаулыққа пайдалы ашытқысыз нан-тоқаш өнімдерімен қамтып отыр.

 

Облыста бірнеше наубайхана аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді, нан бағасын тұрақтандыру бағдарламасына қатысады.

 

Қазір аудан орталықтарында іс-шара жоспары аясында наубайханашылар арасында көрме жарыстар өтуде. 7 аудан орталығында іс-шара өтті. Аудан басшылары жеңімпаздарды анықтап, облыстық деңгейде марапаттауға ұсынады.

 

Іс-шара қорытындысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні қарсаңына белгілі болады.

TuraNews

Back to top button