Әлем
Мұз адам еуропалық емес болып шықты
1991 жылы Альпі тауларында қатып қалған күйде табылған 5300 жылдық мумия –мұз адам Этци-дің гендік кодтары декодталды, деп жазады Turanews.kz.
Италия және Германиядағы екі зерттеу институтының ғалымдары көптеген жыл бойы зерттеді. Енді 30 жылдық зерттеудің нәтижесі жарияланды.
Шамамен 5 мың 300 жыл бұрын өмір сүргені болжалған Этцидің ДНК-сы еуропалықтардың ДНК-сымен салыстырылды. Мұз адам еуропалық емес, Еуропаға келген алғашқы шаруалардың бірі болып шықты.
Жетілген гендік технологияның арқасында Этци туралы жаңа мәліметтерге де қол жеткізілді. Этци диабет пен семіздік ауруларына бейім. Бірақ салауатты өмір салтының арқасында осы ауруларға шалдықпағаны анықталды.