ӘлемБастыҚоғам

«Мұндайды Америкада бұған дейін ешкім көрмеген»

Қазақ жігіті Америкада қарақшыларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған.

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та жүрген қазақстандық Олжас Қалдыбаевқа қарақшылық шабуыл жасалғаны, қазақ жігіті қылмыскерлерге тойтарыс беріп, қаруларын тартып алғаны туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.

АҚШ-тың Майами қаласында болған оқиғада, 3 жігіт Олжастың сөмкесін тартып алып, тонамақ болған. Ол сөмкесінде құжаттары, телефондары мен ақшасы болғанын айтады. Олжас бұзақылардың бірін қуып жүріп ұстап алып, жібермей полицияны күткен. Қолға түскен жігіттің қаруын тартып алған. Сондай-ақ оның телефонын да алып алған.

Болған оқиғаны Олжас Қалдыбаев Instagram-дағы парақшасында баяндап, оқиға орнынан фото, видеолар жүктеді.

Көп ұзамай оқиға орнына полицейлер жеткен. Қарақшыларды іздеуге 6 полиция көлігі мен тікұшақ жұмылдырылған. Сондай-ақ ол АҚШ-та полицейлердің жақсы жұмыс істейтінін де атап өтті.

«Бетіме тапанша тақағанда қорқып кеттім. Қазақтың жігіттері осал емес. Келген полиция қызметкерлері де «не деген жүрегінің түгі бар жігітсің деп»таң қалып жатыр», — дейді ол.

Полицейлердің бірінің сөзінше, қазақ жігіті қарақшылардан пистолет пен автомат тартып алған, өздерін ұрып-соққан, бірінің тісін сындырған. «Мұндайды Америкада бұған дейін ешкім көрмеген», — дейді ер жігіттің батылдығына тәнті болған тәртіп сақшысы.

TuraNews

Back to top button