Қоғам

Мүмкіндігі шектеулі жандар ұшақ билеті бағасының жартысын ғана төлеп саяхаттай алады

Қазақстандық лоукостер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін (1 топ) және жанына еріп жүрген бір адамға Қазақстан бойынша әуе билетіне 50% жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды AMANAT партиясының баспасөз қызметі.

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Әбдиев ерекше қажеттілігі бар адамдардың мәселесін жиі қозғап, оларға әуе билетіне жеңілдік қарастыру керек екенін депутаттық сауалдарында көтерген еді.

«Менің алғашқы депутаттық сауалымның бірі мүгедектігі бар жандарға әуе билетіне жеңілдіктің жоқтығы жайлы болды. Осы мәселе бойынша Парламент қабырғасында тақырыптық отырыс ұйымдастырдым. Оған мемлекеттік органдар мен әуекомпаниялардың өкілдері қатысты. Әуетасымалдаушылардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдіктер жариялады», — деп жазды Ерлан Әбдиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, еліміз бойынша «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында қоғамдық нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Жобаның мақсаты – ерекше қажеттілігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту және олар үшін кедергісіз орта құру.

TuraNews

Back to top button