Қоғам

Мүгедектігі бар адамдар портал арқылы 237 мыңнан аса қызмет түрін алды

Жыл басынан бері Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 180,7 мыңға жуық мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын алды. Тағы 6,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,3 мың – жеке көмекшінің, 24,7 мыңы санаториялық-курорттық емдеу қызметімен қамтамасыз етілген, деп жазады Turanews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Бүгінде порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 853 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 404 ОТҚ жеткізуші, 27 мыңнан астам жеке көмекші, 691 ымдау тілі және 103 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген»,— делінген мәлімдемеде.

Министрлік «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу мүгедектігі бар жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылғанын еске салды.

TuraNews

Back to top button