Басты
Trending

Моңғолияға эскпортталатын Қазақстан тауарларының көлемі артады

Халық қалаулылары екі ел арасындағы «Уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды. Сондай-ақ Мәжіліс қабырғасында орта және төменгі буын шенеуніктері үшін жеңілдетілген несие енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Khabar TV.

Төменгі палата депутаттары Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялады. Енді қашаннан қиын қыстау кезеңде тізе қоса білген түркі жұрты төтенше жағдайға да бірлесіп төтеп бермек. Құжаттың негізгі функцияларына адам өмірі мен мүлікті құтқару, жедел байланысты қамтамасыз ету, сын-қатерлерді талдау, медициналық және гуманитарлық көмек көрсету жатады.

Кеген Тұрсынбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы:

— Оның әкімшілік жұмыс органы Министрлер кеңесі мен азаматтық қорғау тетігінің хатшылығы болып табылады. Хатшылықтың штаб пәтері Стамбул қаласында орналасады. Оны Министрлер кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайтын Бас хатшы басқарады.

Сондай-ақ Мәжіліс қабырғасында орта және төменгі буын шенеуніктері үшін жеңілдетілген несие енгізу ұсынылды. Депутаттардың айтуынша, мемлекеттік аппараттағы негізгі жүкті көтеріп жүргендер осылар. 200 мыңға жетпейтін айлықпен олар баспана ала алмайды. Себебі мемлекеттік қызметшілердің қосымша табыс табу мүмкіндігі шектеулі.

Ерлан Стамбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Олардың жалақысы 180 мың теңгеден басталады, бұл олардың жүктемесіне сай емес. Бұл кадрға демотивация береді. Осылайша, мемлекеттік қызметке қызығушылық төмендеп, тұрақтылық азаяды. Мұның алдын алу керек.

Енді жанармай бағасының күрт өсуіне жол берілмейді. Энергетика министрі осылай деп уәде берді. Депутат Бауыржан Смағұлов Ерлан Ақкенженовке ірі энергетикалық жобалардағы тарифтердің шетел валютасында номинациялануына байланысты тұтынушыларға түсетін жүктеменің арту қаупін айтып, сауал жолдады. Министр өз кезегінде тарифтердің аукцион арқылы анықталған тарифтерден де төмен екенін жеткізді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта электр энергиясының бағасын төмендетуге негіз болмақ.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

— 2024 жылдың сәуір айында Қостанай облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясына аукцион өткіздік. Ол жерде тариф 3,6 цент болды. Ал бұл келісім бойынша Павлодар облысындағы 1 000 МВт жел электр станциясының тарифі – 3,53 цент, Қарағанды облысындағы 500 МВт жел электр станциясы бойынша – 3,57 цент, – деді министр. Сондықтан бұл жобалар тұтынушыларға қосымша жүктеме түсірмейді деп есептейміз.

Сонымен қатар Мәжіліс төрт жаңа электр станциясы салынатынын мәлімдеді. Қазақстан мен Қытай ірі «жасыл» жобаларды бірлесіп іске асырады. Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында үш жел және бір күн станциясы салынады.

Министрдің айтуынша, жаңартылатын энергетика саласындағы бұл жобалар елімізге айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық серпін береді. Мыңдаған жұмыс орыны ашылып, ауқымды инветиция тартылады.

TuraNews

Back to top button