Әлем

Моңғолияда 2023 жылы мал саны азайған

Моңғолияда 2023 жыл соңында ірі және ұсақ мал басы 2022 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға азайып, 64,7 млн басты құрады.

Бұл туралы Ұлттық статистика комитетінің (ҰҚК) баяндамасынан мәлім болды, деп хабарлайды МОНЦАМЭ ақпарат агенттігі.

ҰCК мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Моңғолияда жалпы мал басы 6,4 млн басқа (-9,1%) азайған. Атап айтқанда, қой саны 3,3 млн басқа (-10,2%), ешкі 3 млн басқа (-10,7%), сиыр 164,3 мың басқа (-2,9%), жылқы 8,6 мың басқа (-0,2%) және түйе 3,4 мың басқа (- 0,7%) азайды.

Мал санағының алдын ала қорытындысы бойынша, Моңғолиядағы мал басы 2023 жылдың аяғында 64,7 млн басты құрады, оның ішінде қойдың жалпы саны 29,4 млн, ешкі 24,6 млн, сиыр 5,3 млн, жылқы 4,8 млн және түйе 473,9 мың басты құрады.

Синьхуа ақпарат агенттігінің бұдан бұрын хабарлағанындай, 2023 жылы Моңғолияда ауа райының қолайсыздығы елдегі малдың, әсіресе қой мен ешкілердің жаппай қырылуына әкелді.

ҰҚК мәліметінше, 2022 жылдың соңында Моңғолияда 71,1 млн бас мал болған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button