
Бейсенбіде Брюссельдің шешімінен кейін елдің SEPA-ға қосылуы халықаралық аударымдар комиссияларын төмендетеді. Бұл өз кезегінде шетелде жұмыс істеп, үйіне ақша жіберетін молдовалықтарға пайдасын тигізеді, деді Молдова Ұлттық банкінің басшысы Анка Драгу.
Оның бағалауы бойынша SEPA-ға мүшелік ету Молдоваға жыл сайын шамамен 12 миллион еуро үнемдеуге мүмкіндік береді, ал орта мерзімді перспективада әлеуетті үнемдеу 20 миллион еуроға жетеді.
SEPA Молдова экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, бизнес үшін еуро валютасы транзакцияларындағы қосымша төлемдер мен кідірістерді жояды. Бұл ретте Молдова экспортының 60 пайызы ЕО-ға баратынын айта кеткен жөн.
Енді Молдова банктері SEPA-ға интеграциялану үшін техникалық жаңартудан өтеді. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін.
SEPA — ЕО елдерінде және басқа қатысушы мемлекеттерде еуро төлемдерін стандарттайтын, ішкі және трансшекаралық транзакциялар арасындағы айырмашылықтарды жоятын еуропалық жүйе.
Айта кетейік, Молдова 2024 жылдың қаңтарында SEPA-ға қосылуға өтініш берді.