Саясат

Мирзиёев БҰҰ Бас хатшысына «Олий Даражали Дўстлик» орденін табыстады

Өзбекстан астанасындағы «Көксарай» резиденциясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришті әлемде келісім мен ынтымақты белсенді ілгерілетудегі еңбегі, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ, Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы қызметі үшін Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасының бірі — «Олий Даражали Дўстлик» орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Марапатты тапсыру кезінде Өзбекстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейіне Антониу Гутерриштің қосқан үлесі айрықша аталды.

Бас хатшының жаһандық және өңірлік маңызы бар кең ауқымды реформалар мен бастамаларды, сондай-ақ республикадағы БҰҰ институттарының қызметін кеңейтуді толық қолдайтыны сөз болды.

©president.uz

БҰҰ көшбасшысының халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаһандық басқару институттарын реформалау, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, климаттың өзгеруімен күресу, «жасыл» және цифрлық даму, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұзақмерзімді күш-жігері атап өтілді.

 

TuraNews

Back to top button