Қоғам

Миллиондаған долларға тең джекпоттың иесі болу үшін, бір лотерея билетін сатып алу жеткілікті

Лотерея ойындарының құмар ойындардан түбегейлі айырмашылықтары бар. Мәселен, лотерея операторы букмекерлік кеңселер мен казинолар сынды процеске қатыспайды, нәтижеге әсер ете алмайды және ұтыс ойынының қорытындысына қызығушылық танытпайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтып берді.

Оператордың міндетіне тек жүлде қорын қалыптастыру және оның ұтыс ойынын ұйымдастыру кіреді. Ұтыс лотереясында жүлде қорын қатысушылардың өздері қалыптастырады. Бұл қор жеңімпаз билет иесіне немесе жеңімпаз болмаған жағдайда, мемлекетке беріледі. Ұтыс ойыны телеарналарда live режимінде өткізіледі.

«Сатып алған мезетте ойнатылатын лотереялық ұтыс комбинациялары Қазақстанда емес, Ұлыбританиядағы фабрикада билеттерді дайындау кезінде қойылады. Лотерея операторы қандай билеттерді ұтып алатынын білмейді. Мұны лотерея операторы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар да қатаң қадағалайды. Бұл аталған ұйымдарға мүше болудың негізгі шарттарының бірі», – деп атап өтті спикер.

Барлық ұтыс ойыны бірыңғай орталықтандырылған платформада тіркеледі, оның қорытындылары дерекқорда сақталады. Министрлік барлық ұтыс ойыны мен төленген сомалар бойынша мәліметтерге қол жеткізе алады. Ойын автоматтарымен салыстырғанда, лотоматика терминалдары орталықтандырылған, оларды өз бетімен конфигурациялау мүмкін емес. Жергілікті агенттер жеңімпаз комбинация генераторына қол жеткізе алмайды.

Осылайша,сомасы бірнеше миллион долларға тең джекпоттың иесі болу үшін, тіпті бір лотерея билетін сатып алу жеткілікті.

Қазақстанда 40-тан астам лотерея өнімдері бар. Олар сатып алған мезетте  және таралым негізінде ойнатылады. Сонымен қатар вице-министр дәстүрлі лотереялардың, лотоклубтардың және «Lotomatic» терминалдарының мәні мен айырмашылығы неде екенін түсіндірді.

TuraNews

Back to top button