Саясат

Михаил Мишустин Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын қорытындылады

Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Алматыда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей Үкіметінің басшысы кейбір бағалаулар бойынша, 2020 жылмен салыстырғанда биыл ЕАЭО-да ауылшаруашылық өнімінің өндірісі доллармен есептегенде 20 пайызға артатынын айтты.

«Қазір мұндай тауарларға деген ішкі қажеттілікті толық қанағаттандырып отырмыз. Біз экспорт механизмін, оның ішінде «Еуразиялық агроэкспресс» жобасы аясында белсенді түрде дамыта аламыз және дамытуға тиіспіз. Аталған жобаның іске қосылғанына көп болған жоқ. Бір жылға жетпейді. Аз уақыт ішінде жеделдетілген теміржол тасымалының арқасында 500 мың тоннаға жуық жүк жеткізілді», — деді ол.

Оның айтуынша, жобаға жаңа елдерді қосу және Қытайға жеткізуге қойылған шектеулерді алып тастау мүмкіндігі қарастырылуда. Комиссия тиісті ұсыныстарды енгізді.

Спикердің сөзінше, бұл ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады.

«Енді ортақ энергетикалық нарықтарды қалыптастыру ұстанымдарына келер болсақ, біз мұны еуразиялық интеграцияның дамуының негізгі элементі деп санаймыз. Әсіресе қазір, жаһандық турбуленттілік жағдайында көптеген елдер энергия ресурстарының тапшылығына тап болып отыр. Біз мүше мемлекеттердің ішкі қажеттілігін қанағаттандырып қана қоймай, мүдделер тепе-теңдігі негізінде дос елдерге көмектесе аламыз», — деп қосты ол.

TuraNews

Back to top button