Спорт
Михаил Кукушкин қатарынан екінші рет челленджер турнирінде чемпион атанды
Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 156-ракеткасы, 22 жастағы италиялық Маттео Гигантемен бас жүлдені сарапқа салды.
Қарсыластар матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен содан кейін қос брейкке қол жеткізген тәжірибелі Кукушкиннің басымдығы айқын көрініс тапты – 6:2. Екінші сетте де қазақстандық 2:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Гиганте матчты жалғастырудан бас тартты. Бұған дейін Манама (Бахрейн) челленджер жарысында үздік шыққан қазақстандық теннисші осымен жеңіс сериясын 12 ойынға жеткізді.