Әлем
Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,5 мыңнан асты
Мьянмадағы 7,7 және 6,4 балдық қос жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3564-ке жетті.

Анадолу агенттігінің хабарлауынша, Мьянманың әскери әкімшілігін ұсынатын орган – Мемлекеттік әкімшілік кеңес (SAC) бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасады. Зардап шеккендердің саны 5012 адамға жеткені атап өтілді.
Құтқару топтары із-түзсіз жоғалған 200-ден астам адамды іздеуді жалғастырып жатыр. Мьянма өртке қарсы қызметі Мандалай қаласында құлаған ғимараттың қирандыларынан он адамның мәйіті шығарылды деп хабарлады.
Сонымен қатар Сингапур, Малайзия және Үндістанның құтқару топтары жұмыстарын аяқтап, үйлеріне оралғаны хабарланды.
Мьянмада 28 наурызда болған жойқын жер сілкінісінен кейін магнитудасы 2,8-ден 7,5-ке дейінгі 98 жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы сейсенбіде елдің Метеорология және гидрология департаменті хабарлады.