Спорт
Месут Өзіл спорттық карьерасын аяқтады
Германияда дүниеге келген, шыққан тегі түрік футболшы Месут Өзіл спорттық карьерасын аяқтады.
Месут Өзил спорттағы мансабын аяқтады. Ол бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп Turanews.kz жазады.
Біраз ойлана келе кәсіби футболдан кету жөнінде шешім қабылдадым. 17 жыл бойы футбол ойнадым және осындай мүмкіндік үшін тағдырыма ризамын. Бірақ соңғы айларда бірнеше мәрте жарақат алдым, соған қарағанда үлкен футбол аренасынан кететін уақыт келгені анық. Бұл ұмытылмас сәттер мен эмоцияға толы таңғажайып саяхат болды, — деп жазды Месут Өзіл.
Ол осы ретте өзі өнер көрсеткен «Шальке-04», «Вердер Бремен», «Реал Мадрид», «Арсенал», «Фенербахче», «Башакшехир» клубтарына алғыс айтты.
Месут Озил 2009-2018 жылдары Германия құрамасы сапында 92 матч өткізіп, 23 гол соққан. 2014 жылы әлем чемпионы атанған.