Басты
Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.
Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді.
Осыған дейін Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалғаны туралы жаздық.
Ресми дерекке қарағанда, шахтада тау массасы құлаған.
Кейінірек «Жомарт» кенішінде жетінші жұмысшының денесі табылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болған жеті жұмысшының денесі жоғарыға көтеріліп, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.