Басты
Trending

Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы атанған Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы таеквондодан әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

“Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін!” – делінген құттықтау хатында.

 

TuraNews

Back to top button