БастыСаясат
Trending

Мемлекет басшысы: Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өтпелі кезеңдегі даму бағытын айқындап, конституциялық реформаны жүзеге асыру үшін құрылған отандық мамандардан тұратын кәсіби комиссияның маңызды рөлін атап айтты.

«Бәріңізге мәлім, Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басты. Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз.

Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның маңызды тұстары туралы айтқанымды білесіздер.

Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы Комиссия құрамында шетел мамандары жоқ», -деді Тоқаев.

TuraNews

Back to top button