Саясат
Мемлекет басшысы Air Astana президенті Питер Фостерді қабылдады
Аталған жұмыстарға дайындық туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания басшысы таныстырды, деп хабарлайды Turanews.kz Akorda баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Мәселен, өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл ұшақтар елімізге 2025 жылы жеткізіледі және ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.