Әлем
Мексика Қазақстанда өз Елшілігін ашады

Биыл елордада Мексиканың елшілігі ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Turanews.kz.
2023 жылғы 12-13 қаңтарда Мехико қаласында Мексиканың Сыртқы істер министрі Марсело Эбрардтың сол елде аккредиттелген дипломатиялық корпуспен жыл сайынғы кездесуі өткен.
«Министр Эбрард биылғы міндеттер туралы айта келе, 2023 жылы Мексика 5 жаңа елшілік ашатынын ресми түрде жариялады. Соның ішінде Қазақстан да бар», – деді Смадяров брифингте.
Қазақстан Мексика үкіметінің шешімін құптайды және Мексиканың Астанада елшілік ашуына көмек көрсетуге дайын», — деді Айбек Смадияров.