БастыМәдениет
Trending

«Mейкин Азия» халықаралық музыкалық байқауының жеңімпаздары белгілі болды

Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауындағы Шолпон-Ата қаласында 2025 жылғы 20-22 шілде аралығында өткен IV «Mейкин Азия» халықаралық музыкалық байқауы гала кешпен аяқталды. Түркі дүниесі мен өзге де аймақтардан келген жас дарындар бас қосқан байқауда халықаралық қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталды.

Фестивальдің ең үлкен Гран-прижүлдесі — әсерлі сахналық қойылымы мен ерекше орындау шеберлігімен көзге түскен Мария-Диана Стынчуляша (Румыния) табысталды. Ол сондай-ақ 8 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай сыйлықтың иегері атанды.

Бас жүлде Қырғызстан атынан қатысқан Урмат Сатыбалдиевке бұйырды. Ол қазылар мен көрермендерден жоғары баға алып, 6 000 АҚШ долларына ие болды.

Екінші орын үш елдің қатысушыларына берілді:

  • Виталий Дроб (Беларусь)
  • Камир Дүйшеев (Қырғызстан)
  • Кира Гоголадзе (Ресей)

Үшінші орын иегерлері төмендегідей:

  • Полина Тасева (Солтүстік Македония)
  • Эже Ата (Түркия)
  • Тулкин Таджиев (Өзбекстан)

Фестивальдің финалдық кешінде әлемге танымал қазақ әншісі Димаш Құдайберген де сахнаға шықты. Байқаудың алғашқы маусымында Гран-при иеленген Димаш бұл жолы арнайы қонақ ретінде өнер көрсетіп, көрерменге ұмытылмас сәттер сыйлады.

Халықаралық қазылар алқасы бірнеше күнге созылған фестиваль барысында қатысушылардың вокалдық қабілеті, сахнада өзін ұстауы және көркемдік ерекшелігіне баса назар аударды.

Байқау аясындағы концерттер мен түрлі іс-шаралар көрермендердің жоғары қызығушылығына ие болды. Ұйымдастырушылар бұл жобаны келер жылы да жалғастыруды жоспарлап отыр.

Source
TURKSOY

TuraNews

Back to top button