ҚоғамЭкономика

Медиацияның пайдасы кәсіпкерлік салада да орасан

Түркістан қаласында «Қазақстандағы медиацияның дамуы» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен шараға облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы Абылайхан Жақсыбек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының бас менеджер-заңгері Данияр Оразалиев, түркістандық кәсіпкерлер қатысты.

«Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» ЗТБ сарапшысы, медиатор Ислам Болатов «Бизнестегі медиация, сот істерін жеңілдету» мәселелері туралы баяндады. Жиында сөз алған Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова медиацияның артықшылығына тоқталып, екі тараптың мәмілеге келуі арқылы сотқа дейін даудың шешілуі жерлестеріміз үшін тиімді екенін айтты.

Кәсіпкерлер өз ісін өркендету жолында орын алған қиындықтарды медиация арқылы шешудің тиімді тұстары бар екендігіне көз жеткізді. Халықаралық келіссөздер академиясының сарапшылары елімізде медиация тақырыбы аясында диалог алаңдарын құру мақсатында республика көлемінде өзге аймақтарда түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

TuraNews

Back to top button