Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council) хабарлауынша, әлемдік орталық банктердің резервтері бір айда 12 тоннаға өсті. Алтын сатып алу көлемі 31 тонна, ал сату 18 тонна болды. Қымбат металдың негізгі сатып алушылары Өзбекстанның Орталық банкі мен Үндістанның резервтік банкі болды – әрқайсысы 9 тоннадан. Польша – 4 тонна, Катар – 3 тонна, Иордания мен Чехия – әрқайсысы 2 тонна, Түркия 1 тонна алтын сатып алған.
Маусым айында алтын сату бойынша көшбасшы Сингапурдың Орталық банкі болды — 12 тонна. Қазақстанның Ұлттық банкі 6 тонна алтын сатты.
Жыл басынан бері Өзбекстан сатқан алтынның таза көлемі 7 тоннаға жуықтады. Бұл көрсеткіш бойынша көрші мемлекет Таиланд (10 тонна) пен Филиппиннен (25 тонна) кейін үшінші орынды иеледі. Қымбат металдың негізгі сатып алушылары Түркия, Үндістан және Қытай болды.
Маусым айында Өзбекстанның алтын-валюта қоры 293,7 миллион долларға азайып, 36,34 миллиард доллар болды. Алтынның физикалық көлемі 9,3 тоннаға өсті, бірақ валюта қоры 800 миллион долларға азайды.
Маусым айында алтын бағасы бір унция үшін 2350 доллардан 2325 долларға дейін (-1%) төмендеді. Бірақ 1 тамызда алтынның бағасы бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтеріліп, бір унция үшін 2501 доллардан асты.