ӘлемБасты

Мәскеудегі «Крокуста» зардап шеккендер саны 152-ге жетті

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі 147 адам зардап шеккенін хабарланған болатын.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәскеу облысы бойынша штаб-пәтерінің жаңартылған мәліметтері бойынша «Крокус сити холлдағы» теракт салдарынан зардап шеккендер саны 152-ге жетті, деп жазады ТАСС.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінділерді тазалау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Түнде жұмысқа ауыр техникалар қосылды.

Еске сала кетсек, 22-ші наурыз күні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар бебіт тұрғындарға оқ жаудырған.

Ресейде 24 наурыз Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды.

 

TuraNews

Back to top button