ӘлемБасты

Мәрмәр теңізінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды

Түркияның Мәрмәр теңізінде магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі болды, дүмпулер Ыстанбұл мен Бурсада сезілді. Бұл туралы TRT телеарнасы хабарлады, деп жазады TuraNews.kz.

Түркия Апат және төтенше жағдайлар басқармасының  мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Мармара теңізінің оңтүстігіндегі Бурса провинциясында 5,1 шақырым тереңдікте болған. Жерасты дүмпулері Ыстанбұл мен Бурсаның бірнеше аймағында сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

TuraNews

Back to top button