Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Президенттің шетелдік компаниялармен өткізген Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кездесуі туралы баяндады.
Биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Іле ауданында облыстық маңызы бар Алатау қаласы құрылды. Үкімет Алатау қаласының Бас жоспарын бекітіп, Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының шекараларын өзгертті. Сондай-ақ Президент G4 City арнайы экономикалық аймағының аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін ұлғайтып, оның атауын Alatau арнайы экономикалық аймағы деп өзгерту туралы шешімді мақұлдады.