Қоғам

Маралды ауылының инфрақұрылымы жаңартылып жатыр

Күршім ауданының Маралды ауылында жарықтандыру, жол жөндеу, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл күнде ауыл ішіндегі жалпы ұзындығы 3,6 шақырым болатын көше жолына асфальт төселген.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша ауылда абаттандыру, көшелерге жарық шамдар орнату, ауызсу тарту жұмыстары жүргізілген.

– Ауылдағы мектепке Starlink интернет желісі орнатылды. Сондай-ақ балалар ойнайтын алаңқай жаңартылып, футбол алаңын салу жоспарланып отыр. Былтыр ауыл ішінде хоккей ойнайтын мұз айдыны жасалған. Аздаған кемшіліктер анықталды. Мердігер олқылықты қалпына келтіріп береді. Сонымен қатар ауылдағы мәдениет үйінің сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары жүргізілді, – деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков.

TuraNews

Back to top button