БастыМәдениет

Маңғыстаудағы кен орныннан көне құлпытас табылды

Ақтау маңындағы кен орыннан мұнайшылар көне құлпытас тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Құлпытасты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында орналасқан Доңға кен орнының жұмысшылары кездестірген. Олар жұмыс кезінде тап болған.

«Құлпытасты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының аумағында орналасқан Доңға кенорнынан тауып алдық. Бұл қабір біздің археологтардың зерттеулеріне пайдаға асады деп үміттенеміз», — деп отыр жұмысшылар.

Ескі құлпытас Ақтау-Форт-Шевченко автожол бойында орналасқан.

«Құлпытас табылған Доңға кен орнына арнайы мамандар барды. Көне зат тұрған аумақтың жан-жағы қазылып қалғандықтан құлпытас орнынан ығысып кеткен сияқты. Құлпытастың нақты қай ғасырға жататынын білмейміз. Арабша жазуы бар. Оны араб тілін білетін мамандарға оқытамыз. Бұл жерге тағы да зерттеу жұмыстары жүргізіледі»,— деді Маңғыстау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Тарихи- мәдени мұра бөлімінің басшысы Расул Алиев.

TuraNews

Back to top button