БастыСаясатЭкономика

Мәжіліс Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді қабылдады

Мәжіліс «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Turanews.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме беріп.

Заң жобасы жайлы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады.

Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім Анкарада 2023 жылғы 16 наурызда жасалған.

«Келісімнің мақсаты өңірішілік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы Түркітілдес мемлекеттер ұйымына қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін Түркі инвестициялық қорын құру болып табылады. Келісім Түркі инвестициялық қорындағы құқықтық қатынастардың мақсаттарын, функцияларын, өкілеттіктерін және мүшелігін белгілейді.Келісімге сәйкес Қордың жарғылық капиталының мөлшері 500 млн АҚШ доллары болатын өңірлік инвестициялық тетікті білдіретін халықаралық қаржы ұйымы мәртебесі болады.Қордың капиталы айналымға жататын төленген және тартылатын акциялардан қалыптасады», — деді ол.

Акциялардың жалпы номиналды құны 350 млн АҚШ долларын құрайды, олардың ішінде 70 млн АҚШ доллары ТМҰ мүшелерінің үлесіне тиесілі және 150 млн АҚШ доллары тартылатын акция болып табылады.

Қор түркі мемлекеттері құрған бірінші және негізгі бірлескен қаржы институты болады, оның функциялары ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту үшін олардың экономикалық әлеуетін жұмылдыруға бағытталатын болады, бұл жерде кәсіпкерлікке жәрдемдесу, жұмыс орындарын арттыру, ашу басымдықта болады. Депутаттар дуыс беру арқылы аталған заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

TuraNews

Back to top button