МәдениетСаясат

Мәжіліс Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарға қатысты құжатты қабылдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.

«Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасымен достық пен әріптестікке негізделген саясатының аясында қазір бірқатар үлкен бастамалар көтеріліп отыр. Соның бірі — Астана мен Бейжіңде өзара Мәдени орталықтар ашу туралы шешім. Осы орайда Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығы тарихымызда алғаш рет ұлтымызды бұл елде кеңінен танытудың, екі ел арасындағы рухани байланысты жаңа деңгейге көтерудің, өзара халықаралық мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың ірі әрі толыққанды ошағына айналдыру көзделіп отыр», — деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Оның айтуынша, қазіргі министрлік бұл Орталықтың концепциясын жасап, мазмұнын айқындады. Атап айтқанда ол жерде:

— кино көрсетілімдері мен концерттік қойылымдарға арналған көпфункционалды зал;

— білім беру курстары, тренингтер, шығармашылық кездесулер өткізетін арнайы кеңістігі бар коворкинг орталығы;

— көрмелер өткізуге қолайлы экспозициялық мультимедиялық алаң;

— еліміздің туристік әлеуетін көрсететін арнайы туризм бұрышы орналасады.

«Міне, осыларды ойдағыдай іске асыру үшін министрлік «Өзара мәдени орталықтарды құру» туралы Заң жобас назарларыңызға ұсынып отыр. Мәселенің еліміз үшін мән-маңызын есекере отырып, осы заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын», — деді министр.

Жалпы отырыс барысында депутаттар бұл құжатты талқылып, қабылдады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button