БастыСаясатЭкономика

Мажарстан Қытай банктерінен 1 млрд еуро қарыз алады

Сингапурлық Лянхэ Заобао газетінің айтуынша, Мажарстан осы жылдың сәуір айында бірнеше қытайлық банктен 1 миллиард еуро қаржы алған.

Басылымның хабарлауынша, Мажарстанның қарызды басқару органы бейсенбіде (25 шілде) Венгрия үкіметі сәуір айында Қытай даму банкінен (China Development Bank), Қытайдың экспорт-импорт банкінен (The Export-Import Bank of China) және Қытай банкінің (Bank of China) Мажарстандағы филиалынан жалпы сомасы 1 миллиард еуро болатын үш жылдық несие алғанын мәлімдеді.

Венгрия осы уақытқа дейін қаражатты неге жарияламағанын түсіндірмеді, бірақ бұл ақшаның инфрақұрылым, көлік және энергетикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатынын баса айтты.

Айта кетейік, мамыр айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Будапешке барып, Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.

Си Цзиньпиннің сапары кезінде Қытай Венгриямен «жан-жақты стратегиялық серіктестік» орнатқанын жариялады.

Сондай-ақ екі ел темір жол, автомобиль және энергетика жобаларын қоса алғанда оннан астам келісімге қол қойды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button