
Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиев мәлім етті.
Оның айтуынша, алдағы сапар аясында Қырғызстан мен Мажарстан арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған. Сондай-ақ тараптар қырғыз-манжар стратегиялық серіктестігінің кең ауқымды мәселелерін талқылайды.
«Сапар қорытындысы бойынша қырғыз-мажар екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту және нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар 6 қарашада Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады», — деді М.Азымбакиев.
Бұған дейін 5 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қырғызстанға мемлекеттік сапармен баратынын жазған болатынбыз.