Мәдениет

Махмұд Қашқари және «Диуани лұғат ат-түрк»

Түркі әлемінің қазынасы, Түркі әлемі бойынша зерттеулердің негізгі дереккөздерінің бірі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбек және оның авторы Махмұд Қашқари туралы TRT әзірлеген мақаланы сіздермен бөлісеміз.

1914 жылы Али Амири Эфенди деген кісі Кітапшылар базарындағы дүкенге барады. Қолына кездейсоқ алған бір кітап оны қатты тебірентеді. Себебі оның қолындағы кітаптың теңдесі жоқ. Түркі тілінің ең құнды туындысы — «Диуани лұғат ат-түрк». Сол күннен бері осы еңбек алдымен түркі ғалымдардың, артынан әлемнің назарын аударады. Өзі табылмай тұрып бірнеше қолжазбада аты кездескен осы еңбектің авторы – Махмұд. Зерттеулер арта келе осы еңбек әлемде теңдесі жоқ шығармалардың қатарында өз орнын алды. Жазушысы Махмұд Қашқаридің болса ұлы ғұлама екені дәлелденді. 11-ғасырда жазылған осы туынды сөздік қана емес, түркі тілінен араб тіліне энциклопедиялық еңбек.

1072-1077 жылдар арасында Бағдатта жазылған Қашқаридің осы кітабы Аббасилер халифасы Мұхаммед әл-Муқтади Биллахқа сыйға тартылған. Автордың өзінің өмірі туралы туындыда жазылған мәлімет тысында егжей-тегжейлі мәлімет табылмаған. Туындыда айтылғандай әкесі Хүсейін, атасы Мұхаммед Буғра хан. Әкесі Барсхан қаласынан сол дәуірдің ең маңызды мәдени орталығы Қашқар қаласына көшкен. Текті әулеттерден және жоғары мәртебелі әулеттердің балалары білім алған Саджиев және Хамидие медреселерінде дәріс алған. Араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Атақты түрколог Ахмет Бижан Эрджиласунның айтуына қарағанда, Махмұд Қашқаридің әкесі Чағры Тегін 1056-1057 жылдардан бұрын Барсхан әмірі, атасы Мұхаммед Буғра хан болса 1056-1057 жылдары Қашқарда Шығыс Карахан билеушісі болған. 1057 жылы тағын Хүсейін Чағрыға қалдырған. Сол кездің тақ таласында әкесі өлтіріледі. Зерттеуші, тіл маманы Омелья́н Ио́сифович Прица́ктың айтуынша 1057-1058 жылдардағы сарай қырғындарынан қашқан Махмұд Қашқари он шақты жыл түркі елдерін аралағаннан кейін, Бағдатқа барады. Басқа бір көзқарасқа қарағанда 1057 жылы 49 жасында Қашқардан кетуге мәжбүр болған Махмұд Батыс Карахан еліне, қазірге Орталық Азияға кеткен. 1057-1072 жылдар арасында «Диуани лұғат ат-түрк» үшін материал жинақтайды. 1072 жылы сол кездің мәдениет орталығы Бағдатқа барады және туындысын осында аяқтайды. 1080 жылы Қашқарға оралып, туған жері Опалда Махмудие медресесін құрып, ұстаздық етеді. 1090 жылы қайтыс болады.

Осы туындының парақтарын ашқанымызда, алғашқы кіріспе тарауында Аллаға және Әзірет Мұхаммедке мақтау сөздері орын алған. Артынан түріктерді мақтайды. Артынан жазу стилі, түріктер қолданған 18 әріптен тұратын әліпби, түркі тайпалары және олардың Еуразия жерінде тарағаны, тілдерді классификациялау секілді маңызды мәліметтерге орын береді. Еңбектің маңызды бөлімі сөздік кезегінен тұратын барлығы 8 кітаптан тұрады. Сөздікте 8 мың шақты түрікше сөздің араб тіліндегі аудармасы берілген. Осы 8 бөлімде шығыс пен батыс түркі халықтарының тіл ерекшеліктері, олар орналасқан тарихи география, экономикасы, әлеуметтік өмірі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары, фольклоры, тұрмысы жайлы мәліметтерге көп орын берілген. Әсіресе сөздікте түркі ғалым тарапынан дайындалған және бүгінгі күнге жеткен алғашқы әлемдік карта орын алған. 638 бет немесе 319 парақшадан тұратын бүгінгі күнге жеткен жалғыз нұсқасы Стамбулда Ұлт жазба туындылар кітапханасында сақтаулы. Сөздік бүгінгі күнге дейін түрік, Әзербайжан, өзбек, қазақ, қырғыз, ұйғыр тілдеріне және неміс, ағылшын, орыс, парсы тілдеріне аударылған. Махмұд Қашқаридің арабтарға түрік тілін үйрету мақсатымен жазылған осы туындысы тысында «Түркі тілінің грамматикасы» атты кітабы да бар екенін білеміз. Ғылым әлемінің назарын аудаған осы туынды біздің дәуірімізге жетпеген болса да Махмұд Қашқаридің аты түркі әлеміне қосқан үлесіне байланысты мәңгі есте қалады.

 

 

TuraNews

Back to top button