Қоғам

«Лудомания-қоғам дерті” атты тақырыпта спорттық эстафеталық ойындар өтті

Қазығұрт ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен Тұрбат ауылы округіне қарасты “№1 Тұрбат” атындағы ЖОББ мектебінде ойынқұмарлық алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында “Лудомания-қоғам дерті” атты тақырыпта аудандық эстафеталық ойындар өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастарға қолдау көрсету, спорттық ойындарға бейімдеу, жастардың қоғамдағы рөлі, әлеуметтік және тұлғалық даму барысы тақырыптарын талқылау және қоғам дертіне айналған ойынқұмарлықтың алдын алу, жастар арасында өршіп тұрған мәселені шешу болып табылады.

Жарысқа ауданымыздың ауыл округтерінен 6 команда қатысып, спорттың қол күрес, жүгіру, белтемірге (турникке) тартылу, арқан тартыс, гір тасын көрету бойынша сынға түсті.

Жарыс нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
🥇орын: Қызылқия жастары командасы
🥈орын: Жаңабазар жастары командасы
🥉орын: Қарабау жастары командалары жүлделі орындарға иеленді.

TuraNews

Back to top button