
Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының кестесі ресми Олимпиада сайтында жария етілді, деп жазады Кабар.
Алғашқы іріктеу жарыстары 12 шілдеде басталады. Осы күні алаңға шыққан спортшылар хоккей (дала хоккейі), регби-7, баскетбол, су добынан, гандбол, крикет және футболдан кездесулер өткізеді.
Алғашқы медальдар 15 шілдеде триатлон бойынша сарапқа салынады. Сол күні семсерлесу, дзюдо, жеңіл атлетика, регби-7 және нысана көздеуден жарыстар өтеді.
Олимпиаданың соңғы жарыс күні – 30 шілде. Бұл күні бокс, күрес, марафон (жеңіл атлетика), велоспорт, жүзу, баскетбол және волейболдан медальдар сарапқа салынады.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 15 шілде күні түнде, ал жабылу салтанаты 31 шілдеге қараған түні өтеді.