ӘлемБасты

Ливияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 11,3 мыңға жетті

Эпицентрі Дерна қаласында болған тасқын салдарынан 11,3 мың адам қаза тауып, 20 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы РБК Al-Hadath мәлім етті, деп жазады Turanews.kz.

Ливиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті азаматтар мен құтқарушыларды абай болуға шақырды.

«Дерна – соғыстан қалған жарылуы мүмкін қалдықтармен ластанған қала екені белгілі», делінген хабарламада.

Су тасқыны салдарынан оқ-дәрі мен мина қалдықтары бұрынғы орнынан қалаға шашылған болуы мүмкін, деп ескертті ұйым.

10 қыркүйекте Ливияның шығысына «Даниэль» дауылы төнді. Ол жағалаудағы Бенгази, Дерна және Джабаль әл-Ахдар қалаларына зақым келтірді. Ливия билігі Киренаика шығыс провинциясындағы үш ауданды апат аймағы деп жариялады.

Дауыл салдарынан Дернаны қоршап тұрған екі плотина жарылып, су тасыды. Су адам тұратын кварталдарды шайып, Ливияның шығыс бөлігіндегі жағалау маңындағы үйлерді қиратты. Билік өкілдері төтенше жағдай жариялады. Мектеп пен дүкендер жабылып, коменданттық сағат енгізілді. БҰҰ ұйымы жергілікті және ұлттық деңгейде жедел көмек көрсетуге уәде берді.

TuraNews

Back to top button