Ливияның шығысындағы Дерна қаласындағы жойқын су тасқыны салдарынан 5,2 мың астам адам қаза тапты. Бұл туралы елдін Шығыс үкіметінің өкілі Тарик әл-Харраз Анадолу агенттігіне хабарлады, деп жазады Turanews.kz.
Оның айтуынша, қаза тапқандар арасындағы 1300 адамның кім екені анықталған. Бірақ, қайтыс болғандардың көпшілігін бірден анықтау әзірше өте қиын екенін айтты.
Билік ең қатты зардап шеккен Дерна қаласын апат аймағы деп жариялады. Шенеуніктер электр қуаты мен байланыс үзілгендіктен қалаға кіру мүмкін болмай қалғанын айтты.
Айта кетейік, «Дэниел» циклоны 10 қыркүйекте Ливияның солтүстік-шығысына соғып, сонын салдарынан Жерорта теңізі жағалауындағы қалаларда дауылды жел соғып, толассыз нөсер жауып, найзағай ойнаған.