Әлем

Латын Америкадағы Османлы ұрпақтары — Эл Турколар

19-ғасырда Османлы мемлекетінен Латын Америкаға көшкен және Эл Турко деп аталып кеткен көптеген Османлы ұрпағы бүгінгі күні саясаттан бизнеске, өнерден әдебиетке дейін маңызды табыстарға қол жеткізуде. Бұл туралы Түркиялық TRT телеарнасы дайындаған мақаланы сіздермен бөлісіп отырмыз.

Османлы мемлекетінен Латын Америкаға 1860 жылдардан Бірінші Дүниежүзілік соғыстың аяғына дейін түрлі көш толқындары болды.

Бүгінгі Түркия, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Палестина және Мысырды қамтитын, батыста Жерорта теңізі, шығыста Месопотамиямен шектелетін Левант аймағынан болған осы көш толқынында христиан араб, еврей және армяндар орын алды.

Сонымен бірге Екінші Дүниежүзілік соғыс та одан да көп адамды Латын Америкаға көшуге мәжбүр қылды.

Америка Құрама Штаттарына бару үшін жолға шығып, Еркіндік ескерткішін көруге үміттенген көптеген адамды Риода Құтқарушы Иса мүсіні қарсы алды. Жақсы болашақ іздеп Америка құрлығына жеткен мигранттар Османлы елінің тұрғындары болуына байланысты аймақта «түріктер» деген мағынаға келетін «Лос туркос», «Эл туркос» деп аталып кетті.

Кейбір араб, еврей және армяндар өздерін «Лос туркос» деп атауға қарсы шықса да, Латын Америкалықтар осы атауды қолдануды таңдады.

Сонымен бірге Османлы Империясы мен кейбір Латын Америка елдері арасында дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастар да осы кезеңде басталды.

Ашық деректерде бүгінгі күні Латын Американың Османлы төлқұжатымен 19-ғасырда аймаққа келген көбі араб шамамен 30 миллион туркоға мекен болғаны айтылады.

Саясаттан бизнеске, өнерден әдебиетке дейін көптеген салада табысқа жеткен эл турколардың ұрпақтары бүгінгі күні көптеген адамның арманын орындады.

Латын Америкадағы үш елдің мемлекет басшысы Османлы тегінен келеді

Эл турколардың ұрпақтары бүгін саудамен бірге аймақ саясаты, бюрократиясы және бизнес әлемінде маңызды қызметтерде. Аргентина, Бразилия, Салвадор, Доминик Республикасы, Эквадор, Парагвайда Османлы мигранттары саясатта  маңызды табыстарға жетті

Осыларға мысал келтіретін болсақ, қазіргі Салвадор мемлекет басшысы Наиб Букеле, Парагвай мемлекет басшысы Марио Абдо Бенитез және Доминик Республикасы мемлекет басшысы Луис Абинадерді тізіп айтуға болады.

Сонымен бірге 2016-2018 жылдар аралығында Бразилия мемлекет басшығын атқарған Ливан текті Мишел Темер, Эквадордың бұрынғы басшысы Жамил Махуад, 1989-1999 жылдары Аргентина мемлекет басшысы болған Карлос Менем – отбасылары Османлы жерінен көшкен саясат қайраткерлерінің бірнешеуі ғана.

Әлемге танымал эл турколар

Сауда және саясатпен бірге көптеген Османлы текті Латын Америкалық азамат та мәдениет, ғылым, спорт және өнер саласында маңызды жетістіктерге жетіп, танымал болды.

Грэммидің 16 сыйлығын алған Колумбиялық әнші Шакира және актриса, режиссер, продюссер Салма Хайек  осылардың басында келеді.

Басқа да беделді араб латындар арасында «Форбс» журналына қарағанда әлемнің ең бай 8-шісі тұлғасы Карлос Слим мен бразилиялық жазушылар Радуан Нассар мен Милтон Хатум, аргентиналық актер Рикардо Дарин бар.

Сонымен қатар Латын Американың барлығына дерлік елінде Османлыдан келгендер тарапынан басқарылған мәдени және әлеуметтік ұйымдар табылады. Осы ұйымдарға мысал ретінде жарты миллион мүшесі бар Чили-Палестина қауымдастығын, «Палестина» атты 103 жылдық кәсіпқой футбол командасын атап көрсетуге болады.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button